2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
Қазан айында 9 демалыс күні бар
Қазақстанда 25 қазанда атап өтілетін Республика күні 2022 жылдан бастап қайта жаңғыртылды. Қазір бұл күн – мемлекеттік мереке әрі демалыс күні, деп хабарлайды Almaty.tv.
2026 жылы Республика күні жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 24, 25 және 26 қазан, сенбі-жексенбі-дүйсенбі күндері демалады.
Бес күндік жұмыс аптасында қазан айында 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні бар. Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады, деп хабарлайды Uchet.kz.
Сонымен қатар қазан айында кәсіби және басқа да атаулы күндер бар. Олардың бірқатары жұмыс күніне түсетініне қарамастан, бұл күндері тиісті сала мамандарын құттықтап, атап өтеді.
Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығымен бекітілген.
1 қазан
- Қарттар күні;
- Радио күні;
- Қазақстан Республикасының жоғары білім беру қызметкерлері күні.
2 қазан
- Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
5 қазан
- Мұғалімдер күні.
6 қазан
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні.
10 қазан
- Қазақстан кәсіподақтары күні.
14 қазан
- Стандарттау қызметкерлері күні.
16 қазан
- Нан күні.
18 қазан
- Орман шаруашылығы қызметкерлері күні.
19 қазан
- Құтқарушылар күні.
20 қазан
- Қоғамдық тамақтандыру саласы қызметкерлері күні.
24 қазан
- Кітапханашылар күні.
25 қазан
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні;
- Автомобиль көлігі қызметкерлері күні.
29 қазан
- Күзет ұйымдары қызметкерлері күні;
- Қазақстан кәсіпкерлері күні.
БҰҰ күнтізбесі
1 қазан – Халықаралық қарттар күні;
2 қазан – Халықаралық зорлық-зомбылықсыздық күні;
4 қазаннан бастап – Дүниежүзілік ғарыш апталығы;
5 қазан – Дүниежүзілік мұғалімдер күні;
7 қазан – Дүниежүзілік тұрғын үй күні (Хабитат күні); Дүниежүзілік мақта күні;
9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні;
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні;
11 қазан – Халықаралық қыздар күні; Оңтүстік Африкадағы саяси тұтқындармен ынтымақтастық күні;
12 қазан – Испан тілі күні; Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні;
13 қазан – Халықаралық табиғи апаттардың қаупін азайту күні;
15 қазан – Халықаралық ауыл әйелдері күні; Дүниежүзілік студенттер күні;
16 қазан – Дүниежүзілік азық-түлік күні;
17 қазан – Халықаралық кедейлікті жою үшін күрес күні;
20 қазан – Дүниежүзілік статистика күні;
24 қазан – Дүниежүзілік даму туралы ақпарат күні; БҰҰ күні; Дүниежүзілік полиомиелитпен күрес күні; Медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы;
27 қазан – Дүниежүзілік аудиовизуалды мұра күні;
29 қазан – Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы халықаралық күрес күні;
31 қазан – Халықаралық үнемдеу күні; Дүниежүзілік қалалар күні; Халықаралық күріш күні.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік төлемдерді қауіпсіз алу: азаматтар нені білуі керек