Akimat LIVE: қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды

Фото: redtram.com
Фото: redtram.com
Әр сұраққа толыққанды жауап берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасында 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 19:00-де Akimat LIVE бағдарламасы кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындарынан келген сұрақтар өте көп болғандықтан, кейбірі эфирге шықпады. Дегенмен редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады.


Тұрғын сұрағы:

21 жастағы I топ мүгедегі балам бар. Қандай да бір жеңілдікпен үй алуға бола ма екен? «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша біз ала алмайды екенбіз. Көмек, кеңес берулеріңізді сұраймын.

Жауап:

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде 3 жыл тұрақты тұруы және 5 жылдан астам тұрғын үйдің болмауы талап етіледі. Заң талаптарына сәйкес болған жағдайда, «1 және 2 топтағы мүгедектер» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру туралы электрондық портал немесе ХҚКО арқылы өтініш білдіруі тиіс.

Кезекке қабылданған жағдайда, Заңның 74 бабына сәйкес кезектілік тәртібінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге жалпы халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған Тұрғын үй – коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тетіктері жұмыс істейді. Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде тұрғын үйлердің өткізілуі жөніндегі ақпаратты «Отбасы банк Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (www.hcsbk.kz және www.baspana.kz) және Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzh) сайттар арқылы қадағалауға болады. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2251457 телефон арқылы алуға болады.

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес тұрғын үй алу кезіндегі бастапқы жарна ретінде Алматы қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға 1 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаттары түріндегі әлеуметтік көмекті Алматы қаласының әкімі бекіткен, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы ұсынған тізім бойынша көрсету жоспарланып жатыр.

Тұрғын сұрағы:

Асқар Әбдіқалиев: Мен Жетісу ауданында тұрамын. Бірінші жылу электр станциясының тура жанында тұрамыз. Күндіз-түні гуіл, у-шу, қара түтін. Сол себепті бізге қандай да бір коммуналдық төлемдерге жеңілдіктер бола ма екен?  

Жауап:

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Сіздің сұрағыңызға келесіні хабарлайды. 2017 жылдан бері Алматы 1-ЖЭО көмір жағуды тоқтатып, жылу және электр энергиясын өндіру кезінде табиғи газды қолданып келеді. Жобаға сәйкес, станцияның технологиялық жабдығында орнатылған барлық сақтандыру құрылғылары қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін және қатар орналасқан жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың тұтастығын қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған тәсілмен атмосфераға артық бу немесе су ағызуы жіберіледі. Шу деңгейінің дыбысы стандартты түрде өшіріледі, және қысқа мерзімді сипатта болады.

«Алматы Электры Станциялары» АҚ-ның ақпаратына сәйкес

1-ЖЭО жабдығын алдағы 2021-2022 жылдардағы жылыту беру маусымына дайындау мақсатында, ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап станцияның кезекті жазғы тоқтатылуы жүргізілгенін қосымша хабарлаймыз.

Сұрақ:

Ақжар шағын ауданында су жоқ, соған көмектессеңіз. Наурызбай ауданына қашан су келеді?

Жауап:

Қазіргі таңда Ақжар шағын ауданында су берілді, желідегі ақауларда Алматы Су КММ 20-і сәуір айында түзетілгенін хабарлаймыз.

Ашық су тоғандарындағы судың лайлануы байқалған жағдайда толық тазарту жұмыстарын жүргізгенге дейін су беру уақытша тоқтатылады. Судың берілуі тоқтатылған жағдайдааудан тұрғындары үшінарнайы техникамен су жеткізу ұйымдастырылған. Соныменқатар, Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысымен Ақжаршағын ауданында «АГС-Пласт» ЖШС күшіменорталық су және кәріз құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, 29,2 шақырым су және 15,7 шақырым кәріз құбырының құрылысы жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсанайы.

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Мен Ұлжан шағын ауданының тұрғынымын. Көшемізге желтоқсан айында жарықшамдар орнатқан. Бірақ қазір өшірулі тұр.

Жауап:

«Ұлжан-1» шағын ауданында көше жарығын қамтитын жаңа жол құрылысы жүргізілді. Осы жұмыстардың тапсырыс берушісі Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы болып табылады. Бүгінгі күні басқарма тарапынан «Алматы Қала Жарық» МКК теңгеріміне көше жарығын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты тиісті шаралар қабылдау үшін басқармаға хат жолдады. Аталған Улжан ықшамауданында сыртқы жарықтандыру желілері жол жөндеу жұмыстары аясында Алматы қаласы мобильділік басқармасының тапсырысымен орнатынған. Қазіргі ұақытта жұмысты атқарған «СУ «Гордорстрой №2» ЖШС-і мен нысанды пайдалануға беру рәсімі жүргізілуде. Аталған жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін, сыртқы жарқтандыру желілері «Алматы Қала Жарық» КММ-сі теңгеріміне беріліп сәуір айының соңына дейін толығымен іске қосылатын болады.

Сұрақ:

Алғабаста кқшелер қашан жөнделеді?

Жауап:

«Алғабас» шағын ауданында магистралды көшелерге су және кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, шағын ауданды толығымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін таратушы желілерге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың көктем мезгіліне жоспарлануда. Аталған жұмыстардың тапсырыс берушісі Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы болып табылады. Жол  құрылыс нормаларына сәйкес  инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін салынатын болады.

Сұрақ:

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Жетісу ауданы  Көкжиек ықшам ауданында жыл сайын жазда бір айға ыстық суды өшіреді. Сол сәтте суық су да өшіп қалатын кездер болады. Суды өшірмейтіндей жағдай жасауға көмектесуіңізді сұраймыз.

Жауап:

Бүгінгі күні жоспар бойынша «Көкжиек» қазандығында, кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті уақытша ыстық су тасымалы тоқтатылған. Қазіргі уақытта қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.

Сұрақ:

«Жас Канат» шағын ауданына су қашан келеді?

Жауап:

Түрксіб ауданы, Жас Канат ш/а сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Жоба шамамен 2021-2022жж. жүзеге асырылады.

Сұрақ:

Баспана маселеси кашан шешиледи? Неге жастар программасына калалык бюджеттен 15 млн бөлінеді, ал көпбалалы отбасыларға арнайы бағдарлама жоқ.

Жауап:

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 4-тармағына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға ұсынылатын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай көлемі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес айқындалады. Бұдан бөлек, көп балалы отбасы, толық емес отбасы және мүгедек баланы асыраушы немесе тәрбиелеуші отбасыларға арналған жеңілдетілген несие беру бойынша «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы жүзеге асырылады.

2021 жылға жергілікті бюджеттен аз қамтылған санаттарға (көп балалы отбасы, мүгедек баланы асыраушы немесе тәрбиелеуші отбасы, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер) бағдарламалар бойынша алғашқы жарнаның бір бөлігін қамту мақсатында 2 000 тұрғын үй сертификатын беру үшін 2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар қазіргі таңда көп балалы отбасы, мүгедек баланы асыраушы немесе тәрбиелеуші отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектер санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы мысалында «Алматы аналары» қалалық бағдарламасын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 9 млрд. тенге бөлінді.

Сұрақ:

Ақмарал Ақмолдаева

Мен жалғыз басты ана үй кезегінде тұрғаныма неше жыл болды. Кезегім жылжымайды.3 балам бар, қазір жатақханада тұрып жатырмын. Өз үйіміз болғанын калаймыз. Осы маселені қарастырып берсеңіз.

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Аталған тiзiмге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және ата-анасынан айырылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан және көп балалы отбасылардан басқа азаматтардың басымдық құқығы болмайды.

Сіз 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап «толық емес отбасылар» санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрсыз. 2021 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша кезегіңіз – 899-шы.

Тұрғын үйге қатысты мәселеңіз, Алматы қаласы коммуналдық тұрғын үй қорына пәтерлердің келіп түсуіне қарай, кезектілікке сәйкес шешілетін болады. Сонымен қатар Тұрғын үй – коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінен аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ-ның кредит беруі» (республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламасы) бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы негізінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде төмендегі санаттар бойынша тұрған азаматтарға 15 млн. теңгеге дейін 2 %-бен жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру қарастырылған: көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады.


Новости партнеров