|
26.08.2020 | 20:56
4427

Алматыда сумен қамтудың және судан бөлудің инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда

Тұтынушылар «Алматы су» мекемесімен шарт жасасып, желілерге қосылуы қажет

Алматыда сумен қамтудың және судан бөлудің инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда @almaty_akimat

Алматыда сумен қамтудың және судан бөлудің инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда. Қала әкімі Б. Сағынтаев  Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қалаға қосылған ықшамаудандар тұрғындарын сумен қамту және судан бөлудің орталықтанған жүйесіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі күні Алатау ауданындағы Самғау мен Ақбұлақ» ықшам ауданында, Медеу ауданына қарасты Думанда, сондай-ақ Алмалы ауданындағы Аренский көшесінде (25-30 үй) сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазір желіде суды іске қосу процесі жүріп жатыр (сығымдау, кесу). Тұтынушылар «Алматы су» мекемесімен шарт жасасып, желілерге қосылуы қажет.

Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Шапағат, Алғабас, Өжет ықшам ауданында, Бостандық ауданына тиесілі Көкшоқы, Медеу ауданы бойынша Көлсай, Түрксібке қарасты Қайрат және Жетісу ауданындағы Кемел ықшам ауданы мен Қазыбаев көшесінде (1 мың үй) сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік желілердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұлардан өзге, жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Томирис, Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында кәріздік сорғы стансаларын (КСС) салуды аяқтау жоспарланған.

Осылайша, Алматы тұрғындарын сумен қамтудың орталықтанған жүйесіне қосу 98%-ды немесе шамамен 1 878 500 адамды құрайтын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир