Осы күні қалада 17 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді
Қала әкімі Б. Сағынтаев «Алматы» арнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, балаларды қосымша біліммен толық қамту шаралары туралы айтты.
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес Алматыда қаланың барлық балаларына қосымша білім беруді қамтамасыз міндеті шешілуде. Осы күні қалада 17 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде Оқушылар сарайы, 7 аудандық оқушылар үйі, өнер мектебі, 8 музыкалық мектеп бар, онда 1329 түрлі үйірмелер мен секциялар тегін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша келер жылы Алатау және Наурызбай аудандарында Оқушылар сарайларының құрылысын бастау жоспарланған. Алатау ауданында 5 спорттық-сауықтыру кешені, теннис орталығын салынады. Жетісу ауданында шығыс жекпе-жегінің 4 спорт кешені салынды, онда балалар тегін жаттығулар жасайды. Сонымен қатар, МЖӘ аясында жеке инвестициялар есебінен 12 мектептің спорт алаңдары қайта жаңғыртылды. Мәдениет саласында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 10 салалық кітапханасы жаңарды.
Мектептерде жұмыс қалпына келтірілгеннен кейін 9560 түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді, олар 200 мыңнан астам баланы қамтиды.
«Балалардың қол жетімді қосымша білім алуы үшін мемлекеттік тапсырысты тек мектептер ғана емес, сонымен қатар жеке секторларда да алатын болады», – деді Б. Сағынтаев.
Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімі Жетісу ауданы Айнабұлақ-2 елді мекеніндегі «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубының жобасы туралы айтты. Бұл жобаның ауқымы кеңейтіліп, басқа аудандарда осындай тағы үш клуб ашылатын болады.