Ернұр Абжахан тұрғындар сауалына жауап береді

01.11.2021 20:23

Akimat LIVE бағдарламасының тікелей көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан және әлеуметтік желідегі ресми парақшалардан қарай аласыздар

Almaty.tv

2 қараша сағат 20:00-де Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қалалық Мобильдік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан тұрғындар сауалына жауап береді.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе +7 (727)-275-22-16, +7 (727)-275-01-02 нөмірлеріне хабарласып, қоюға болады, сондай-ақ Almaty.tv арнасының әлеуметтік желілердегі парақшасына пікір қалдыруыңызға болады.

Бағдарламаның тікелей көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан және YouTube, Facebook желілеріндегі ресми парақшалардан қараңыздар.