Akimat LIVE эфирінде Азамат Қалдыбеков тұрғындар сауалына жауап береді

30.11.2021 15:22

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар

ainews.kz

Бүгін сағат 20:00-де AKIMAT LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғындар сауалына жауап береді.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе +7 (727)-275-22-16, +7 (727)-275-01-02 нөмірлеріне хабарласып, қоюға болады, сондай-ақ Almaty.tv арнасының әлеуметтік желілердегі парақшасына пікір қалдыруыңызға болады.

Бағдарламаның тікелей көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан және YouTubeFacebook желілеріндегі ресми парақшалардан қараңыздар.