|
11.12.2021 | 13:01
2690

Бақыт Ермекова: Елімізде балалардың өз қабілетін шыңдауына барлық жағдай жасалып жатыр

Бақыт Ермекова: Елімізде балалардың өз қабілетін шыңдауына барлық жағдай жасалып жатыр

Тәуелсіз елде балалардың өз қабілетін шыңдауына барлық жағдай жасалып жатыр. Бұл туралы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мамандандырылған түзету мектеп-интернатының директоры Бақыт Ермекова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы интернатта 1988 жылдан бастап жұмыс істеймін, мұғалім лауазымынан бастадым. Бүгінгі еңбек жолымның бастауын еске алып отырсам, бұрын тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар біліммен аз қамтылған екен, көбінесе үйден шықпайтын еді. Ал қазір тәуелсіз елімізде балалардың өз қабілетін шыңдауына, ашылуына барлық жағдай жасалуда деп айта аламын. Біздің мектепте балалар тек оқып қана қоймай, спортпен де айналысады. Бізге Қазақстан футбол федерациясы қолдау білдіріп отырады, балалар жүзумен де айналысады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп жүреді, соның арқасында балалар өзін мүмкіндігі шектеулі жан санамайды. Бүгін біз гүлденген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Алматының барлық тұрғынын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Әдемі концерт үшін, біздің мерекемізге жақсы көңіл күй сыйлаған керемет орындаушылар үшін көп рахмет!» – деді тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мамандандырылған түзету мектеп-интернатының директоры Бақыт Ермекова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

meninqazaqstanym
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир