Талғат Рысқұлбеков: «Желтоқсан» саябағы – Тәуелсіздіктің жемісі

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматының Түрксіб ауданында «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысқан іс-шараға Желтоқсан бірлестіктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар келді. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай өткен іс-шараға қатысты «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың інісі, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Біз бәріне шүкіршілік етеміз. Сол арманымыз орындалды. Желтоқсаншылар – кеңестік жүйесінің іргесін қақыратуға үлес қосқан бүгінгінің барыстары. Мынау ашылып жатқан саябақ та – Тәуелсіздіктің жемісі. Мұның бәрі келер ұрпаққа үлгі. Бүгінде желтоқсаншыларға сый-құрмет көрсетіліп жатыр. Осылай желтоқсаншылардың елеп-ескеріліп жатқаны адамға күш-қуат  береді», – дейді Талғат Рысқұлбеков.

Новости партнеров