Алматыда «Желтоқсан» саябағын жаңғырту жұмыстары 2022 жылы тамызда аяқталады

12.12.2021 22:27
Almaty.tv

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматының Түрксіб ауданында «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды. Іс-шараға Желтоқсан бірлестіктерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылармен бірге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай өткен іс-шарада Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов аумағы 100 гектарды алып жатқан жасыл аймақты жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Жаңадан ашылған саябақтың орнында бұрын қараусыз қалған тоғай болды. Былтыр қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығымен бұл жерге «Желтоқсан» атауы беріліп, саябақ ашылды. Жасыл аймақтың жаңғырту жұмысы үлкен 2 кезеңнен тұрады. Былтыр 1-кезеңін аяқтадық, ал 2022 жылдың тамыз айында 2-кезеңін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгін «Желтоқсан» саябағында Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына арналған ескерткіш тақта орнатылды. Іс-шара қала басшылығы мен  Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-әпкелеріміздің, қатысуымен өтті», – деді Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов.