Мереке Құлкенов: Бұл деректі фильм мұқым қазақтың көңілінен шығады деп ойлаймын

Зере Саримова
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тәуелсіздік біздің ең үлкен мерекеміз және ең үлкен жетістігіміз». Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушы Мереке Құлкенов қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған мерекелік телемарафонға өз бағасын берді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік телемарафон өте жақсы шыққан. «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты телемарафонда еліміздің көрнекті қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, керемет сұхбат өткізді. Бұл мерекелік телемарафонда 30 жылда жеткен жетістігіміз жайлы сыр шертілді. Елбасымыздың, халқымыздың бірлігінің арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бұл Тәуелсіздіктен ешқашан айырылмауымыз керек. Тәуелсіздік біздің ең үлкен мерекеміз және ең үлкен жетістігіміз. Тәуелсіздік күні құтты болсын!» – дейді жазушы Мереке Құлкенов.

Сондай-ақ жазушы ел тарихында Желтоқсан оқиғасының орны ерекше екенін атап өтті.

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Себебі осы қалада Тәуелсіздігім қабылданып, бекітілді. Алматы мен Тәуелсіздік екеуі егіз ұғым. Осы тұрғыдан келгенде «Алматы» телеарнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына байланысты өте жақсы жұмыстар атқарды. Соның ішінде Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм түсірген. Бұл фильм мұқым қазақтың көңілінен шығады деп ойлаймын. Өйткені фильмде қаншама құнды дерек пен тарихи сурет қамтылған. Сондай-ақ оқиғаға қатысқан желтоқсанның жауынгерлері өзінің пікірін айтты. Сондықтан фильм өте жақсы шыққан», – дейді Мереке Құлкенов.

Новости партнеров