Рашида Жексембаева: Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды

11.12.2021 19:38
пресс-служба акима Алматы

Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды. Бұл туралы Ардагерлер үйі бірлестігінің мүшесі Рашида Жексембаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды еске алып, қала әкімдігінің Тәуелсіздіктің қалыптасуына қосқан үлесімізді бағалағанына ризамын. Оқиға болған кезде мен 22 жаста едім, Қазақстанға еркіндік берген Желтоқсан көтерілісіне қатыстым. Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды. Баршаңызды мерекемен құттықтағым келеді. Бүгінгі іс-шарадан ерекше әсер алдым. Фильмнің сценарийі шынайы жазылған әрі видеобейнелер бірге көрсетілді. Көп рахмет!» – деді Ардагерлер үйі бірлестігінің мүшесі Рашида Жексембаева.

Теги: желтоксан