Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Бақытты отбасы» қалалық орталығының басшысы Зульфия Байсакова мен Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай алматылықтарды алдағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мен, әрине, барлықтарыңызды тағы да мерекемен құттықтап, бірлікке, ынтымақтастыққа шақырғым келеді, себебі соның арқасында бізге тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың жаңа деңгейіне шығу мүмкіндігі туды. Әрине, коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, біз азаматтарды өздерін және жақындарын қорғауға, карантин режимі мен алдын-алу шараларын сақтауға шақырамыз. Барлықтарыңызға бақыт және амандық тілеймін»,— деді З. Байсақова.
Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Сана Жандай да алматылықтарды құттықтап, тілектерін білдірді.
«Алдымызда еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік төрт күн күтіп тұр, сондай-ақ жаңа жыл мерекесіне де аз қалды. Осыған байланысты мен сіздерді карантиндік шараларды сақтауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырғым келеді. Дегенмен, бұл – отбасылық мерекелер, оларды үйде, жақын адамдар арасында атап өтуге тырысыңыз. Өз денсаулығыңызды, балаларыңыздың денсаулығын қорғаңыз және бақытты болыңыздар», — деп атап өтті С. Жандай.