Мемлекетке алғысымызды білдіреміз – Алматы еріктілері қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

17.12.2020 21:46

Еріктілер жылын өткізу аясында Алматыда 78 іс-шара жоспары бекітілген

Almaty.tv

«Қазақстанның еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы қ. филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева Алматы қаласының волонтерлік ұйымдарының атынан шаһар тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздік күні ел тұрғындарының бәрін біріктіретін, бәріміз үшін, барша қазақстандықтар үшін өте маңызды мереке деп ойлаймын. Осындай ерекше мәні бар әрі маңызды күнде біз тарихымызға құрметпен қарап, Тәуелсіздіктің бізге қалай жеткенін еске аламыз. Және қазір біздегі бардың бәрі үшін мемлекетке алғысымызды айтамыз. Мен осындай бейбіт заманда туып, өмір сүріп жатқаным үшін бақыттымын. Мен тәуелсіз, тұрақты мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Барлық азаматтарды шын жүректен осы мерекемен құттықтап, бізге осындай жағдайлар жасап отырған мемлекетімізге алғыс айтқым келеді. Әрине, еліміз гүлдене берсін, аспанымыз ашық болсын және әрбір қазақстандыққа бақыт тілеймін», – деді ол қала тұрғындарын құттықтай отырып.

Еріктілер жылын өткізу аясында Алматыда 78 іс-шара жоспары бекітілгенін естеріңізге саламыз. Оның ішінде 700 мыңнан астам адамды қамтитын 12 зәкірлі (серпінді) жоба бар. Барлық жобалар мен іс-шаралар Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленіп, үйлестірілді – «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша волонтерлікті дамыту; корппоративтік волонтерлік, аптасына екі сағаттан әлеуметтік волонтерлік және т. б.

Пандемия кезінде 26 мыңнан астам мұқтаж қала тұрғындарына азық-түлік пакеттерін және медициналық бетперде тарату, дәрілік препараттарды жеткізіп беру түрінде көмек көрсетілді. Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық ерікті жұмыс істеді, олардың ішінде жедел волонтерлік штабта шамамен тұрақты 100 ерікті жұмылдырылды.