|
16.12.2020 | 17:29
5748

Тәуелсіздік күніне орай Алматыда БЖК бағдарламасы бойынша жаңа сауда-өндірістік орталық ашылды

Аталған нысанның құрылысына салынған инвестициялар 1,5 млрд тг құрады

Тәуелсіздік күніне орай Алматыда БЖК бағдарламасы бойынша жаңа сауда-өндірістік орталық ашылды пресс-служба акима Алматы

Алматыда 16 желтоқсан Қазақстан Ресубликасының Тәуелсіздік Күнінің құрметіне Әуезов ауданында орналасқан сауда-өндірістік орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған нысанның құрылысына салынған инвестициялар 1,5 млрд тг құрады, оның 700 млн тг «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алынды. Барлығы 435 жұмыс орны құрылады.

Сауда орталығында отандық және шетелдік өндірушілердің нан-тоқаш өнімдері, бакалея өнімдері, жемістер, көкөністер, ет, балық және т. б. тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.

«Осы сауда-өндірістік орталығында біз жергілікті өндіріс тауарларын: фермерлік және ауыл шаруашылығы, көкөністер, жемістер және т. б. таратумен айналысатын боламыз. Сондай-ақ, Еуропада өндірілген тауарлар ұсынылады. Біз арнайы зертханамен келісім жасастық, ол тауарларды ГМО-ға тексерумен айналысады және сертификаттарға қарайды», – деді «Керуен» сауда-өндірістік орталығының басшысы Ерлан Сұлтанов, ол бұл оның бизнестің Жол картасы аясында осы ауданда ашқан үшінші жобасы екенін атап өтті.

Өз кезегінде, сауда-өндірістік орталығының басқарушы директоры Берік Абылқанов орталықтың ерекшелігі жалға алушылардың көпшілігі өз өнімдерін қолайлы бағамен ұсынатындығында екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда бізде барлық жалға беру орындары бос емес, барлығы толтырылған, осы аптада біздің сауда-өндірістік орталығымызды толығымен іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мұнда ыңғайлы сауда үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, біздің сөрелерге тікелей тауар өндірушілердің өнімдері қойылады. Тұрғындар үшін бұл баға мен сапа жағынан да тиімді»,  – деді ол.

Ғимараттың аумағы 7264 шаршы метрді құрайды, мұнда 234 сауда орны орналасады. «Керуен» сауда-өндірістік орталығы Жетісу-4, 32 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Жалпы қалада пандемияға қарамастан бизнесті қолдау шаралары белсенді түрде көрсетілуде. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 77,6 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде 36,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік субъектілерімен 29,8 мың жұмыс орны құрылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бойынша – 3540.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир