|
16.12.2020 | 20:04
4919

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай баспаналы болған отбасылар бірден қоныс тойын тойлады

Жас Қанат ықшам ауданында жаңадан бой көтерген 7 көпқабатты үйдегі 289 баспана тұрғындарға берілді

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай баспаналы болған отбасылар бірден қоныс тойын тойлады @almaty_akimat

Пәтер кілтін алғандар бірден қоныс тойын тойлады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында баспаналы болған Түрксіб ауданы тұрғындарының барлығы - көпбалалы жанұялар мен мүгедек перзент тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар. Үйлі болған қала халқымен тілдесіп, қуаныштарын бөлісіп қайтқан Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт тарқатады.

Түрксіб ауданындағы жаңа пәтерге ие болған Қарашаш Жанжігітова - 8 перзенттің анасы. 45 жастағы тұңғышы туғанынан мүгедек болғандықтан, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы үй алуға кезекке тұрғанына 10 жылдың жүзі болыпты. Ал, биыл көптен күткен тілегі орындалып, 1 бөлмелі пәтерге ие болды.

«Бүгін пәтерімізді алып, қуанып жатырмыз. Үкіметімізге осылай жай-жағдайымызды біліп, сау-саламаттығымыздан хабарымызды білгеніне рахмет айтамын. Жақсылы-жаманды індеттен жақсы шығайық. Барлық Қазақстанға тілегім сол. Аман жүрейік!» – деді пәтер иесі Қарашаш Жанжігітова.

Аталған бағдарлама аясында қыркүйек айынан бастап, Жас Қанат ықшам ауданында жаңадан бой көтерген 7 көпқабатты үйдегі 289 баспана тұрғындарға беріліп отыр.

Осылай, бірнеше жыл бойы пәтер алуды армандаған отбасылар Тәуелсіздік мерекесінде құтты баспаналарына кіруде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бүгін Тек түрксіб ауданы, Жас қанат ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйден мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы жанұяларға 80 пәтердің кілті табысталды. Жалпы, жыл басынан бері баспанаға мұқтаж 2 мыңнан аса отбасыға сатып алу құқығынсыз дәл осы жердегі 5 ғимараттан 200 үй  берілген болатын.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, соңғы 5 жыл ішінде үйге мұқтаж 27 мың азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 12 мыңнан аса пәтер бөлініпті. Ал, бүгін мегаполистегі көпбалалы және аз қамтылған 372 отбасы жаңа үйге ие болып, қоныс тойын тойлауда.

«Басты мақсат – жалпы үйлердің салынып біткен жағдайы. Ол үйлерге жылу тартылып, электр қуаты жалғанып дайын болды.140 отбасы халықтық әлеуметтік жағынан осал топтарға - арендалық үйлер, 230 пәтер - «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 5-10-20 бағдарламасы бойынша жеңілдікпен алған пәтерлер. Алғашқы 232 пәтер әкімшілік тарапынан салынып, бағдарлама қатысушыларына тәркіленіп отыр», – деді  Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.

Жалпы жыл басынан бері 2184 мұқтаж отбасы баспанамен қамтылған. Соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 376 пәтер берілсе, «Алматы жастары» бағдарламасы шеңберінде қала халқын тағы мың пәтермен қамту жоспарланып отыр.  

Аяулым Көлжігіт, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир