Алматыда үздік жастар «Елбасы медалімен» марапатталды

Almaty.tv
Almaty.tv
«Ел үміті» жобасына шаһар атынан 600-ге жуық бала қатысып, 250 бала үміткер болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ел үміті» жобасы аясында алматылық үздік жастар марапатталды. Білімді де дарынды 90 бала «Елбасы медаліне» лайық деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сондай 10 баланы марапаттады. Жалпы «Ел үміті» жобасына шаһар атынан 600-ге жуық бала қатысып, 250 бала үміткер болған. Ал талантты жастарды Халықаралық олимпиадаларға дайындаған, оларды жетістікке жетелеген ұстаздары «Ел мақтанышы» медалімен марапатталды. Педагогтарға үлгілі оқушы тәрбиелегені үшін 500 мың теңге сертификат табысталды.

«Жастарға сенім артып, шыңдалуымызға көмектесіп, көп ішінен іріктеп алған біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан қуанышымызда шек жоқ. осындай «Елбасы медалімен» марапаттауға лайықты көргені үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Дана Сіләмжанова.

Новости партнеров