Биыл алты айда Қазақстаннан 20 мың азамат көшіп кеткен

16.08.2019 17:04

Эмигранттардың көбі Ресейге, Германияға және Өзбекстанға қоныс аударады екен

Today

Бүгінде Қазақстаннан кетіп жатқандардың саны күрт арта бастаған. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты  жылдығында 20 мың азамат елден кетіпті. Бұл былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 17 пайызға көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал елімізге қоныс аударып келгендер 5 жарым мың адам болып, өткен жылға қарағанда 11 пайызға азайған. Елден жыраққа кеткендердің басым бөлігі, Ресей, Германия және Өзбекстанға бет бұрады екен. Ал елімізге келген шет елдіктердің көбісі мұнайлы Маңғыстау өңіріне барады.


Халықтың қоныс аударуы (2019ж.1-ші жарты жылдығы, адам саны)

Эмигранттар- 20,1 мың,  16,9% көбейген


Ресей, Германия, Өзбекстан


Мигранттар-5,6 мың – 11,3% азайған


Маңғыстау облысы – 1,3 мың

Алматы облысы – 1 мың

Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент – 1,4 мың