|
28.08.2022 | 11:42
2916

Алматыда «JAIDARMANOPENAIR» фестивалі өтеді

Фестивальге танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері қатысады

 Алматыда «JAIDARMANOPENAIR» фестивалі өтеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2022 жылы 30 тамыз күні сағат 20.00-де Көк Төбе демалыс саябағында, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы қаласы 1/4 финалдық сайыстарына іріктеу кезеңін – «JAIDARMANOPENAIR» фестивалін өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фестиваль Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылмақ. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен өз аймақтарындағы додаларда топ жарып жүрген мықты командалар қатысатын болады.

Сондай-ақ, жоғары және премьер лигаларда әдемі ойын үлгісін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері қатысады.

Кеш жүргізушісі - Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы қаласы филиалының директоры, сценарист, продюсер Құлымбетов Оңдасын.

Байланыс телефоны: « Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Алматы КВН» филиалының директоры

Оңдасын Құлымбетов

+7 707 818 34 75

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир