|
13.04.2023 | 17:28
3080

Алматы PIT STOP: 200 жылқының күші бар автокөлікті тізгіндеген әнші кім

Алматы PIT STOP: 200 жылқының күші бар автокөлікті тізгіндеген әнші кім Almaty.tv

«Алматы» телеарнасынан жақында көрермен назарына жол тартқан «Алматы PIT STOP» бағдарламасының кезекті жұлдызды қонағы – Мадияр Мади.

Мадияр Мадидың негізгі мамандығы – опера әншісі. Ол – Республикалық Халықаралық конкурстардың лауреаты, Чехияда өткен конкурстың жеңімпазы.

«Қалың қалай?», «Сен емес», «Қаракөз», «Дара-дара» сынды хит әндердің орындаушысы.

Бұл бағдарламада жұлдызды қонақ өзінің Toyota Camry маркалы автокөлігін таныстырды.

«Мен «Алматы PIT STOP» бағдарламасына өзімнің көлігімді таныстыруға келдім. Айтатын болсам, бұл қазақтың қарапайым көлігі – Тоyoта Camry 70. Көлемі – 2,5. Осы көлікте 200 аттың күші бар»,– деді Мадияр Мади.

«Алматы PIT STOP» бағдарламасын «Алматы» телеарнасының Youtube каналынан көре аласыздар!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир