4 шілдеден бастап "Шешімі бар" ток-шоуын тамашалаңыздар

30.06.2022 20:16

"Шешімі бар" ток-шоуы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 18:00-де "Алматы" телеарнасында көрсетіледі

Жаңа маусым!  4 шілдеден бастап  "Алматы" телеарнасында шынайы өмірдегі шынайы кейіпкерлердің оқиғалары еш боямасыз, бүкпесіз көрсетілетін "Шешімі бар" ток-шоуы көрермендерге жол тартады.

Аталмыш бағдарламада кез келген мәселені қоғам талқысына салып, оны шешу жолдарын іздейді.

Күрмеуі шешілмей келген күрделі мәселенің шешімін табады.

Бағдарламаға кәсіби сарапшылар, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының, медицина және әлеуметтік қызметтердің өкілдері, саясаткерлер, психологтар, танымал адамдар және т. б. қатысады.

"Шешімі бар" ток-шоуы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 18:00-де "Алматы" телеарнасында көрсетіледі.