10 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған Назерке Әріптің анасы видеоүндеу жасады. Шарасыз ана Назеркені ұстап отырған адамдар болса, оның аман-есен болуын сұрап, үйге жіберулерін өтінді. Кейін оларды іздестірмейтініне уәде берді. Еске салайық, Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. 10 шілдеде үйінен белгесіз жаққа шығып, жоғалып кетіпті. Қазір іздестіру шаралары жалғасып жатыр.