Ғалымқайыр Мұтанов алпысты алқымдады

 Ғалымқайыр Мұтанов алпысты алқымдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атақты ғалым, академик Ғалымқайыр Мұтанов - алпысты алқымдады. Жұрт педагогты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры ретінде жақсы таниды. Ол басқаратын оқу ордасының мамандары бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілер арасында кең сұранысқа ие. Ал оқу ордасының іргелі инновациялық жобалары елбасының артқан сенімін ақтап келеді. Мерейтой иесі ғұмырының 40 жылын білім саласына арнапты. Мансап жолын қарапайым оқытушы болып бастаған. Еткен ерен еңбегі үшін "Барыс" және "Парасат" ордендерімен де марапатталған. Мерейтой иесін еліміздің бас прокуроры, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалвқова және Қазақ Ұлттық университетінің атақты түлектері құттықтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаған құттықтау хатын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оқып берді. 

«Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа! Сіз еліміздің жоғары білім саласында ұзақ жылдар қызмет етіп, іскер ұйымдастырушы әрі беделді басшы ретінде танылдыңыз! Білікті кадр даярлаумен қатар, қазақстандық ғылымның үздік дәстүрлерін әлемдік білім беру кеңестігіне көрсетуде елеулі үлес қосып келесіз! Жастар жақсы біліп алып жатыр. Қай сала да болсын, осы КазГУ-де оқыған азаматтар әрқашанда жоғары деңгейде көрініп, өз үлесін мемлекеттің дамуы үшін беріп жатыр»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Новости партнеров