Ғылым ордасы 70 жаста. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қара шаңырақтың 70 жыл толуына орай ғылым ордасының ұжымы көрме ұйымдастырды. Шоқан Уәлихановтың «Алтын-Емел» мұражайынан 36 жәдігер жеткізілген. Құнды экспонаттардың арасында Шоқан Уәлиханов тамақтанған күміс қасық, тостаған, астау, сыйға алған тапаншасы бар. Көрме ғылым ордасындағы академик Қаныш Сәтбаевтың мұражайында өтті. Екі ғалымның ғылыми жұмыстары мен жеке заттарын көруге келгендердің дені мектеп оқушылары. Мәдени шара 10 күнге жалғасады, оған кез-келген адам тегін кіре алады. Аталмыш шараның мақсаты - жас өркенге қазақ геологиясына елеулі еңбек сіңірген геологтардың өмірімен таныстыру.
«Көрмелер арқылы Қаныш Сәтбаев музейінің де Алтын-Емел музейінің де жәдігерлері жан-жақта, халық арасында кеңінен көрініп, насихаттап. Жалпы алғанда осындай тәрбиелік маңызы бар, осындай жұмыстарды атқаруға өзінің септігін тигізеді деп ойлаймын»,- деді ҚР мәдениет қайраткері,Базарбай АЛТАЕВ.