Алматы әкімі Бауыржан Байбек Татарстан Президент аппараты басшысының орынбасары Игорь Савальевпен кездесті. Екі жақ инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Кездесуде Алматы мен Татар елінің жоғары технология саласында ынтымақтастық орнату әлеуеті жоғары екендігі айтылды. Қала басшысы татар инвесторларын жуырда өтетін «Алматы инновация - 2017» форумына қатысуға шақырды. Кездесу соңында серіктестікті дамыту бойынша нақты бағыттар мен оған жауапты мамандар белгіленді. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін профильді делегация жіберу жөнінде келісім жасалды.