Қапшағай тас жолында ірі жол апаты орын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда ірі жол апаты орын алды. Қапшағай тас жолында болған қақтығыста бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алған, оның төртеуі жеткіншектер. Ауруханаға түскен науқастарға алғашқы көмек көрсетілген. Ауыр жарақат алған 3 бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Енді біреуіне шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Қазір, балалардың жағдайы орташа. Ал, жол апатынан зардап шеккен 3 ересек адам №4-ші қалалық-клиникалық ауруханаға жеткізіліпті. Біреуі жансақтау бөлімінде, қалған екеуінің жарақаты орташа. Еске салайық, қапшағай тас жолында үш көлік түйісіп қалған. Жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33