Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 20 тонна азық жіберілмек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 20 тонна азық пен 4 млн теңгеге жуық қаражат жіберілмек. Бас мүфтидің бастамасымен жүзеге асқан сауапты іске Алматылықтар барынша қолдау білдірген. Небары бір аптаның ішінде жиналған көмек жүк көлігіне тиеліп  жолға шығады. Айта кетейік, қайырымдылық шарасы қаладағы барлық мешіттерде жасалды.

«Халық бір адамдай жиналып көмек берді. 20 тоннаға жуық азық-түлік пен 4 миллион теңгедей қаражат жиналды. Осының барлығы үш күнде жүзеге асты. Қайырымдылық шарасына ат салысқан қала тұрғындарының арқасында қазір көлік жолға шығады. Қазақта жақсы сөз барғой «Көрші болсаң қамқор бол» дейді», - деді Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек ЕСМАҒАНБЕТ.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қарғанды облысы Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылының 100 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген еді. Мұнда еріген қар суы 6 үй мен 30 шақты ауланы басып қалған болатын. Сондай-ақ еріген қар  Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Ақшатау-Қызылорда-Павлодар» тас жолын шайіп кеткен еді. Ал Жаман-Сарысу өзені арқылы облыстық маңызы бар «Ақсу-Аюлы-Қайрақты-Ағадыр-Мойынты» күрежолындағы көпір шатқаяқтап қалған болатын.


Новости партнеров