Қашағанда мұнай өндіру көлемі 13 миллион тоннаға артуы мүмкін. Бұл еліміздегі басқа мұнай орындарының өнімін қысқартуға сеп болады. Бүгін елордада XI Еуразиялық KAZENERGY форумы өз жұмысын бастады. Аталған мәселелер осы жиында қаралып жатыр. Екі күн бойы жиында энергия көздерін тиімді пайдалану, сақтау, өндіру мәселелері, уран және атом саласын инновациялық дамыту туралы талқыланады. 2025 жылға дейін отын-энергетикасына 19 триллион теңге инвестиция тартылуы тиіс және елімізде атом станциясы салынуы мүмкін. Қазір Энергетика министрлігі мен «ҚазатомПром» Ұлттық компаниясы оның техникалық тұжырымдамасын әзірлеуде. Қашағанда мұнай өндіру көлемі 13 миллион тоннаға артуы мүмкін. Ол өзге орындардағы алынатын өнім көлемін қысқартуға септігін тигізеді. Қазір Мұнай-газ саласында қазақстандық үлес тауарлар бойынша 30, ал қызмет түрлері бойынша 60-70 пайызды құрап отыр.
¤¤«Бүгінде мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, мұнай индустриясындағы Қашаған, Қарашығанақ, Тенгиз секілді ірі жобаларды қажетті деңгейде ұстап тұруға, тіпті өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Ол алдағы уақыттың еншісінде. Шетелдік компаниялармен бірге "Еуразия" жобасын да қолға алып, мұнай саласындағы геологиялық барлау жұмыстары жасалуда», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.¤
Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің берген мәліметі бойынша еліміз ОПЕК алдындағы міндеттерін осы ұйымға мүше елдерге қарағанда артығымен орындап отыр екен. Тамыз айындағы жағдай бойынша Қазақстан жоспарлы 1 миллион 680 мың баррельдің орнына 1 миллион 643 мың баррель өндірген.¤
¤«20 жыл ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Қытай арасында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл аударуда. Қазіргі уақытта Қытай мемлекетімен қазақстандық «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасымен сабақтас келіп отырған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» концепциясы іс-жүзінде жүзеге асуда. Мұның өзі екі ел арасындағы серіктестіктің одан әрі нығая түсуіне ықпал етпек», - деді CNPC вице-президенті Ван ДУНЦЗИНЬ.