Ақан серінің қоңыр домбырасы ғасырдан соң қайта күмбірледі

Ақан серінің қоңыр домбырасы ғасырдан соң қайта күмбірледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақан серінің қоңыр домбырасы ғасырдан соң қайта күмбірледі. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының домбырасы Алматыдағы Ықылас атындағы халық аспаптары мұражайына табысталды. Қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен іс-шарада әншінің әндері шырқалып, сазгердің домбырасымен күй шертілді. Қазақ мәдениеті үшін "Алтын ғасыр" атанған 19 ғасырда Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди, Естай, Ақан серілер бастаған майталмандар артына өшпес мұра қалдырған. Елбасының рухани жаңғыру мақаласы ғасыр қойнауынан жеткен бабалар үні, мұрағатымен үндесіп жатыр.

¤«Елбасы тапсырмасы бойынша Алматы қаласында, жалпы біздің Қазақстан бойынша ұлттық дәстүрлеріміз дамып келе жатыр. Екі жылдың ішінде мына халық аспаптар музейінде қаншама өзгерістер болды. Менің  білуімше жыл сайын 60-тан астам концерт өтеді. Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында осындай  керемет іс-шараның өткізілуі ол біздің еліміз үшін үлкен оқиға», - деді Алматы қаласының әкімі  Бауыржан БАЙБЕК.¤

¤"Шәмшіқамар", "Маң-маңгер", "Балқадиша" сынды көптеген әнімен тарихта қалған Ақан серінің домбырасын бұдай былай көпшілік мұражайдан көре алады. Әліде күйінде, күмбірлеп тұрған домбыраны жазушы  Сәкен Жүнісов сақтап келген екен. Қайтаналбас, біртуар әнші Ақан сері туралы екі томдық роман жазған жазушы домбыраны кезінде  оның туыстарынан алған. 


Новости партнеров