Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды

15.09.2017 в 01:04

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы болып қайта сайланды. Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, депутаттар Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған. Одан бөлек, Бектас Бекназаров та төрағасы орынбасары болып жұмысын жалғастыра береді. Қасым-Жомарт Тоқаев – Сенат төрағасы қызметіне 2013 жылы тағайындалған еді. Әр жылдары Премьер-министр, сыртқы істер министрі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры қызметтерін атқарған.