Қатерлі дертке шалдыққан 4 жасар Оразәлі Утжанов көмекке зәру

Қатерлі дертке шалдыққан 4 жасар Оразәлі Утжанов көмекке зәру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қатерлі дертке шалдыққан 4 жасар бала көмекке зәру. Павлодарлық Оразәлі Утжановқа ата-анасының айтуынша, әу баста диагноз дұрыс қойылмаған. Салдарынан сан түрлі дәрілер бөбектің бүйрегіне кері ем жасап, жеткіншектің хәлін одан әрі нашарлатқан. Бірден дабыл қағып, бауыр еті баласын аман алып қалу амалдарын іздеген ата-ана Оразәлінің дертіне ем іздеп апармаған жері қалмапты. Соңғы бір жыл көлемінде бала Оңтүстік Кореяда ем қабылдауда. 

«Баланың жағдайы қазір жақсарып жатыр. Бірақ осы асқынғаннан баланың бүйрегі кеткен. Қазіргі жағдайда бізге дәрігерлер айтып жатыр егер баланың жағдайы жақсарса операция жасауға болады. Бірақ, қазір бізге баланың жағдайын біріншіден бүйрек соны кішкене жақсарту керек егер мүмкіндік болса осы операцияны жасауға болады», - деді Оразәлі Утжановтың туысы Сандуғаш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА.

Жанын жегідей жеген дертпен Оразәлі мен оның анасы күн сайын, әр сағат, минут сайын күресіп бағуда.  Айта кету керек, 1 жылдан астам уақыт туған жерінің топырағын көрмеген балақайды бір жеті бұрын 4 ағасы мен әкесі ұзақ жолдан күтіп алды. Дегенмен, Оразәлінің қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Балаға ары қарай шет елде ем қабылдап, күрделі ота жасату керек екен. Ал ол үшін көпбалалы жанұяға қаржы қажет. 

Новости партнеров