¤Алматының «Қайрат» футбол клубының 30 пайыз акциясын ешкім сатып алмаған. Сауда электронды түрде жасалу керек болған. Қала әкімдігі өзіне тиесілі пайызды 2 миллиардтан астам тенгеге бағалап отыр екен. Ал сарапшылар мұндай спорттық нысаннан пайда жоғын айтады.
Қала әкімдігі «Қайрат» футбол клубының өзіне тиесілі 30 пайызын аукционға қойған еді. Алайда, ешкім оған қызықпаған көрінеді. Негізі, клуб осымен екінші рет сатылымға қойылған. Жалпы, клуб 2 миллиард тенгеге бағаланған екен. Алматыда «Қайраттың» 5 жаттығатын орталықтары бар екен. Сарапшылардың сөзінше, жекешеленген нысандар өз жұмысын ауыстырмай, жалғастыру керек. Ал дәл футбол нысанын сатып алу тиімсіз екен.
¤«Егер кәсіби спортты айтатын болсақ, бұл сала мүлде кіріс әкелмейді. Енді бокс пен күресті қоспағанда, әрине. Ал футбол мүлде пайдасыз деп айтуға болады. Егер жекешеленетін болса, онда ол клуб өзін асырай алмай қалады. Бұл жерде пайда туралы сөз қылмай-ақ қойса болады», - деді спорт журналисі Сергей РАЙЛЯН.
¤«Қайрат» футбол клубы осымен екінші рет бәссаудаға қойылып отыр. Оның бастапқы бағасы 2,032 миллиард теңгеден басталған. Сатып алушы кепілдік ретінде алдын ала 68 миллион салу керек. Алайда, сауда жасалмады. Өйткені, электронды аукцион ережесі бойынша кем дегенде екі үміткер болу керек.
«Қайрат» клубының тарихы тереңде жатыр. Былтырғы жылы «Казросгаз» компаниясы жеке инвестор ретінде 70 пайыз үлесін алған болатын. Содан кейн, қалған 30 пайызды сатып алатын шығар деп ойлағанбыз. Алайда, жеке инвестордың тарапынан ондай қызығушылық байқамадық. Болашақта кәсіби футболмен айналысатын адамдар саудаға қатысып, алады деп ойлаймыз», - деді қаржы басқармасының басшысы Айнұр ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА.
¤Осы жылы қаржы басқармасының жоспарында 25 ұйымды жекешелендіру бар екен. Жалпы аукцион электронды түрде өтеді. Яғни, барлығы айқын. Ортада делдалдар болмайды. Аукционға кез келген адам тіркеуден өтіп,қатыса алады.