«Қазақавтожолдың» Қарағанды облыстық филиалының директоры парамен ұсталды

19.09.2017 в 04:55

"ҚазақАвтоЖолдың" Қарағанды облыстық филиалының директоры Ғаділ Мұқанов 17 миллион теңге парамен ұсталды. Ол қап қаражатты Қызылорда-Қарағанды-Павлодар автожолының жөнделген жұмыстары құжатына қол қойғаны үшін алған. Мөрленген су жаңа банкноттар басшының өз кабинетінен тәркіленді. Мұқановпен бірге орынбасары Ержан Отаров пен пара берген кәсіпкерлер де қамауға алынды. Күдіктілердің барлығы сот санкциясымен тергеу аяқталғанша 2 ай мерзімде қамауда болады.