Қазақстан бойынша баспана алу кезегінде 2 млн-нан астам адам тұр

27.10.2016 19:53

Баспаналы болам дегендер басымдықты жер үйлерге беретін болыпты. Соңғы жылдың статистикасы осыны меңзейді. Жеке тұрғын үй көлемі 4.6 пайызға артқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық көрсеткіш. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылғалы, 10 соттық жер алуға кезекте тұрғандар саны 1 миллион екі жүз мың адамнан асады. 


«Нұрлы жер» бағдарламасының тұжырымдамасы тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудың орнына ипотекалық кредит беруді дамыту, жеке тұрғын үйлерді салуға ынталандыруға бағытталған. Бүгіннің өзінде 1 миллион 200 мың адам кезекте",- деді ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іст ерін басқару комитеті төрағасы, Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ. 

Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, 2020 жылға дейін 4,5 млн шаршы метр басапана салу көзделген. Жалпы еліміз бойынша, баспана алу кезегінде 2 млн-нан астам адам тұр. Бұл осы қазанның қорытынды статистикасы.