«Қазақстан инжиниринг» басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Есіл аудандық соты Қанат Сұлтанбековты қамау туралы үкімді 2017 жылдың 18 ақпанында шығарған. Қамақта ұстау мерзімі екі ай. Осыған дейін «Қазақстан инжиниринг» басқарма төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттілігі алдын ала тоқтатылған болатын. Ол бұрындары Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған, «Алматықалақұрылысында» инженер, бас инженер болып жұмыс істеген, сонымен қатар, «Астана Халықаралық әуежайы» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. Білімі бойынша - құрылысшы инженер. «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы 2003 жылы құрылған. Қазіргі уақытта компанияның жалғыз акционері «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы болып табылады. 2010 жылғы сәуірден бастап компания Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің басқаруында.