Қазақстанда ауаға зиянды заттарды шығару көлемі 4 пайызға ұлғайған

Қазақстанда ауаға зиянды заттарды шығару көлемі 4 пайызға ұлғайған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ауаға зиянды заттарды шығару көлемі 4 пайызға ұлғайған. Былтырғы жылдың өзінде 2 миллион 300 мың тоннадан астам улы зат ауаға таралыпты. Осылайша, ауаны ластау көлемі қайта 2013, 2014-ші жылдардағы көрсеткішке жеткен. Мемлекет 2015-ші жылмен салыстырғанда, залалды заттарды шығару деңгейін бірден 14 пайызға көтерген. Ал қалыпты деңгейдегі көрсеткіш - 4 миллион 700 мың тонна. Демек, өнеркәсіп зауыттары мен фабрикалар осы көрсеткіштің тең жартысын орындаған. Ал аймақтарға келетін болсақ, Атырау облысының жағдайы мәз емес. Өндіріс орындарынан шығатын зиянды заттар көлемі мұнда 50 пайызға, яғни 167 мың тоннаға дейін ұлғайған. Әйтсе де, қарағандылықтар да мұның зардабын шегіп отыр. Осы күнге дейін ауаға 593 мың тонна улы газ жіберілген. Ал павлодарлық өндірушілер, керісінше, зиянды қалдықтарды қайта өндірумен айналысып, бұған дейінгі көрсеткіштерін 10 мың тоннаға қысқартқан. Әйтсе де, жалпы көрсеткіште 542 мың тоннаға жуық зиянды қалдықтар шығарып, қарағандылықтармен тең тұр. Мұндай зерттеуді ранкинг кз-тің сарапшылары жасады.

Новости партнеров