Қазақстанда дәрі бағалары бақылауға алынбақ

Қазақстанда дәрі бағалары бақылауға алынбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай Қазақстанда дәрі бағалары бақылауға алынбақ. Бүгінде бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектің 45 пайызының құны қадағаланбайды екен. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бағаға мемлекеттік реестр мен дәрілер нұсқаулығын дайындайтын автоматты жүйе енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, дәріханаларда әр дәрі жайлы ақпарат пен прейскурант болуы міндеттелмек.

«Бүгінгі күнде Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмектер құнын қадағалауға құзіреті жоқ. Қазір дәріханалардың көбінде дәрі бағасы 3-4 есеге қымбат. Сондықтан заңды түрде мемлекетік қадағалауды бекіту үшін «Денсаулық сақтау» және кәсіпкерлік кодекстеріне өзгертулер енгізілу қажет», - деді ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысының міндетін атқарушы Лариса ПАК.


Новости партнеров