Сенат депутаттарын сайлау маусым айында өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылдың 28 маусымына тағайындады. Сайлау конституцияның 44-бабының 2 тармағы мен 69-бабына сәйкес өткізіледі. Ал соңғы рет 2011 жылғы тамызда сайланған Сенаторлардың өкілеттілігі биыл аяқталады.