Қазақстанда тұңғыш рет балалар үйлері арасында үстел теннисінен турнур өтті

24.08.2017 09:00

«Пинг-понг» ханшайымы. Қазақстанда осындай атпен тұңғыш рет балалар үйлері арасында үстел теннисінен турнур өтті. Ерекшелігі сол, оған тек қыздар қатысты. Басты жүлде - Қытай еліне шеберліктен өтуге берілетін жолдама. Іріктеу екі ай қатарынан өткен. Тартысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 40 шақты балалар үйінен 60-қа жуық тәрбиеленуші қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, Павлодар мен Қостанай қалаларының балалары жеңіске жетті. Сондай-ақ осы шара аясында 100 балалар үйіне 100 үстел теннисі тарту етілді.


«Финалға 21 қыз шықты. Енді екі жас аралығында ол 8 қыз 7 мен 10 жас аралығында болса, 13 қыз 11 мен 15 жас аралығында қыздар қатысып отыр. «Пинг-понг ханшайымы» турнирінде жүлде, яғни 1-ші орын иелерін Қытайға, одан бөлек Қытайдың спортшыларынан шеберлік сағаттары күтіп тұр. Бұл жоба қыздар арасында алғаш ұйымдастырылып отырғандықтан, үлкен жауапкершілікпен қарадық», - деді жоба үйлестірушісі Майра ӘЛЖАНОВА.


«Мен Павлодар облысының «Қашыр» балалар үйінен келдім. Өте қуаныштымын қатысқаныма. Бәріне алғысымды білдіремін. Мен 7 жасымнан бастап теннис үйірмесіне қатысамын», - деді жеңімпаз Лаура МҰХАМЕДЖАНОВА.