Қазақ елі қарымды қаламгерінен айырылды. Журналист Геннадий Бендицкий өз туған күнінде 47 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оның бақилық болғаны туралы мәліметті достары мен әріптестері растап отыр. Геннадий Бендицкий «Караван», «Время» сынды басылымдарда кәсібилігін көрсетіп, қалың оқырманның сенімін баурап алған еді. Оған қоса ол, «Час Бендицкого» атты авторлық телебағдарламасын жүргізген болатын. Ал соңғы жұмысын жеке ақпараттық-сараптамалық жобасында жалғастырған еді. Үзеңгілес достары оның адамдық қасиеті де бір төбе еді, дейді.
«Оның досқа деген адалдылығында шек жоқ. Кез келген уақытта қолдау білдіруден жалықпаған. Менің өзіме сан мәрте қол ұшып беріп, қолғабыс көрсеткен. Оны жоғалтып алғанымызға әлі де сене алар емеспін. Досымыз Минск қаласында ем алып жүріп көз жұмған екен. Енді оның мүрдесі 1-2 күнде әкелінеді деген болжамымыз бар», - деді әріптес досы Виктор ВЕРГ.