Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендетті

22.08.2017 14:11

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +-1 дәлізбен 10,25 пайызға дейін төмендетті. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас банкир Данияр Ақышев хабарлады. Мұндай шешім қабылдауға макроэкономикалық көрсеткіштер себеп болған. Экономикалық жағдай қолайлы болса, базалық мөлшерлеме алдағы уақытта төмендеуі мүмкін.

«Өтімділік беру операциялар бойынша ставкалар 11,25 пайыз, өтілділік алу операциялары бойынша ставкалар 9,25 пайыз деңгейінде», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ.