Қазақстанның өзіндік ұлттық криптовалютасы пайда болуы мүмкін

Қазақстанның өзіндік ұлттық криптовалютасы пайда болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның өзіндік  ұлттық криптавалютасы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық теxнологиялар бойынша директоры Әсел Жиенбаева мәлімдеді. Халықаралық сарапшылардың сөзінше, пайда болатын криптотеңге инвестиция тартуға себеп болады. Ал әзірге электронды ақшаны уыстап табам деуші отандастар көршілес ресейліктермен қоян қолтық жұмыс істеуде.


¤Елімізде криптовалютаны мемлекет тарапы қадағаламақ. Біз Жапон елінен кейін осындай шешімге келіп отырған екінші мемлекетпіз. Қазір криптовалюта, блокчейн және майнинг фермаларының жобалары мен оларды реттеуші жүйенің қалай жұмыс істейтіндігін мамандар қызу талқылауда. Келесі айдан бастап жаңа технологияны  қолданатындардың тізімін енгізу басталмақ.


«Қаржылық орталықтың аясында тестілік алаң пайда болады. Келесі айдан бастап біз жаңа технологияларды қолданатын жаңа стартаптар болсын, кішігірім компаниялар болсын, солардың біз өз алаңымызға тіркеуді бастаймыз», - деді «Астана» ХҚО цифрлық технологиялар бойынша директоры Әсел ЖИЕНБАЕВА.


¤Бұл компаниялар тіркелгеннен кейін олардың қаржылық технологиялары толыққанды зерттелінеді. Соған сай, арнайы заңнама да шығарылмақ.  Бұл  келесі жылдан бастап нақты бір шешімге келуі шарт деген сөз.  Ал бірнеше жылдан бері елімізде «майнингтік фермалар» белсенді жұмыс істеуде. Майнер - компьютерлік видеокарталардың көмегімен  криптовалютаны жасап шығарады. Қажетті  электронды құрылғыларды біріктіре отырып, әлемнің қай түкпірінде отырсаңызда криптовалютаны жасап шығаратын «ферма» жасақтауға болады екен. Мұндай  электорнды ақша табудың бір түрі көршілес Ресей елінде  айналымын арттырып келеді.


«Көптеген криптовалюталар 10 есеге дейін өсті деуге болады. Ал майнигтік компаниялар екі-үш күннің ішінде кеткен шығынды өтеп алуда. Әйтсе де, ешқандай кепілдік берілмейді. Тек өзіңіздің болжамыңызға сенесіз. Бірақ аз уақыттың ішінде қомақты қаржы табу мүмкіндігі ие бола алады», - деді майнингтік компанияның бас директоры Михаил БРЕЖНЕВ (Ресей).


¤Көпшілікті қызықтыратыны да сол, санаулы күнде олжалы болуының бек мүмкіндігі. Нәтижесінде, әлемдік айналым бір жылда жүз миллиард долларға дейін өскен. Экономистер электоронды ақшаның бір тиімді тұсы - есеп айырсу кезіндегі комиссия ақысының ұсталынбайтындығы мен транзакцияның тез орындалатындығы дейді


Әйкерім Ердәулетқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы 


Новости партнеров