Алматыда мүгедек қыз бен екі жетім жігітті үйлерінен қуып шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мүгедек қыз бен екі жетім жігіттің пәтері сатылып кетті. Қаршадайынан тұрмыстың тауқыметін тартса да, өздері 20 жылдан бері  тыныш тұрып жатқан жетімдердің баспанасын әкелерінің өгей қыздары сатып жіберген. Пәтерді сатқан қыздар мен пәтердің су жаңа иесі жетімдерді шырылдатып, далаға қуып  шығарды. Үш баласын әупірімдеп бағып келген жесір әйел қыз таптың деп, сау қызды күйеуім мүгедек қылды деп отыр.


Назгүлдің жасы отызда. Бірақ ол мүлдем сөйлей алмайды және өздігінен өзгеде нарселерді жасауға қабілетсіз. Балаларды жастайынан өзі қарап баққан әйелдің айтуынша, күйеуі қыз таптың деп Назгүлді үнемі ұрып-соғып жүрген.Осындай кезекті оқиғалардың бірінде қатты жарақаттанған бүлдіршін  мүгедек болып қалған.  Ал қазір шырылдап жүрген ананың айтуынша,  бұл оқиға жайлы сол кезде арыз жазуға тиымда салған.


Ешқандай сот орындаушыларсыз-ақ қауқарсыз қызды далаға қуып шыққан соң Назгүлді туыстары уақытша  үйлеріне түнеткен. Ал оның інісі заттарын күзетіп, далаға қонып шықтық, дейді.  Көшеден келіп, кембағал жандарды қуып шыққан дауыл  оқиғаның ақ-қарасын, әрине, алдағы уақытта сот әділ шешер деп үміттенеміз. Ал тағдыры тағыда тәлкекке түскен оқиғаның қалай өрбігенін сюжетен көрсек.


¤Бірін-бірі қаралаған екі тараптың  бұндай қақтығысы бірінші рет болып тұрған. Бірақ бұл жолы осы кембағал жанның көршілерімен де  керісіп жүрген қос қыз өздері сатқан пәтердің жаңа иесін ертіп келіп, қаруқарсыз жандарды далаға қуып жүр. Бәріміздің үстімізден арыз жазып жүрген қыздардың айтуынша, олар пәтерді өгей әкелерінің рұқсатымен 9 миллион 300 мың теңгеге сатқан.


¤«Мен сенім көрсетілген құжаттың барлығын істеттім. Әкем өзі сатып отыр. Болды. Бәрі заңды. Нотариуста. Түрсынбүбіге айттым үй сатылады деп. Бәрі біліп отыр», - деді М.Табаевтың өгей қызы Мөлдір ҚАЛИЕВА.  


¤Ал І-топтағы мүгедек қызбен тағы жетім өскен екі жігітті бұрынан білетін көршілері балаларын тастап  Жетіген ауылындағы әйелге жар атанған Марат Табаев өгей қыздарына нотариустік құжатты қорыққанынан берді деп отыр. Анасы мен балаларының айтуынша, қорғансыз жандардың пәтерін сатып, қомақты қаржы тапқандар әкелерімен осы күнге дейін кездестірмей қойған.


«1993 жылдан бері осында тұрамыз. Үйді сатқызбау үшін соттасып жатырмыз. Сөйте тұра, жолын тауып сатып жіберіпті. Негізінде, Әділет департаменті шешімімен пәтеріміз кепілде тұр. Біз қайда барамыз?», - деді М.Табаевтың үлкен ұлы  Нұрлан ТАБАЕВ. 


¤41 шаршы метрлік  пәтерде жесір қалған әйел үш баласымен 23 жыл  тұрып, коммуналдық қызметтерді де өздері төлеп отырған. Пәтер 2015 жылға дейін енесінің атында болған. Үйдің жоғалып кеткен құжатын қайта жасатқан Табаевтың қыздары пәтерді маңғыстаулық Айдар Отаров есімді азаматқа сатып жіберген. 


«Үйді сатып жіберіп, міне, жүктерді лақтырып жатыр. Марат деген адам былай, ол ішіп кеткен. Мыналардан қорыққанынан айтқандарын істей береді. Өткенде барып келгем сөйлесейін деп. Барсам көрсетпейді», - деді М.Табаевтың бұрынғы әйелі  Тұрсынбүбі САУДАНБЕКОВА.


«Мараттікі өгей қызы біреуі - А біреуі ешкім емес. Есік құлыпталған. Мен жаңа сіздердің көзіңізше есікті жұлып алдым. Олар бізді кіргізбеуге қақысы жоқ», - деді  Тұрсынбүбі Сауданбекованың көршісі Элеонора МАМЫРБЕКОВА.


¤Үйді сатып, аяқ-астынан қомақты қаржы тапқан қыздар бұған дейін жесір әйелді сотқа беріп, пәтерден шығарып жіберген екен. Бірақ, Табаевтың өкіліміз деп жетімдерді жылатып жүрген қыздардың нотариустық мерзімі әлдеқашан аяқталған болып шықты. Ал пәтердің даулы екенін біле тұра сатып алған жаңа қожайын баспананы атына тіркетіп те үлгерген.


«Олар пәтерде кемінде сегіз жыл тұрып, үйдің қажетті барлық коммуналдық қызмет ақыларын төлеп тұрса, азаматтық заңда ондай тұлғаны мүліктің иесі деп тану қарастырылған. Пәтерден қуылып жатқан адамдар судьяға барлық оқиғаның ақ-қарасын анықтап, талдап жеткізсе, қорғаушы арқылы өздерінің құқықтарын қорғауларына мүмкіндіктері бар. Тым құрығанда пәтердің  өздеріне тиесілі бөлігін қайтара алады», - деді заңгер Максим МОСТОВИЧ.


¤Ашынған көршілері мен жесір әйел сот орындаушыларсыз-ақ баса көктеп кірген қос қызды сотқа бермек. Ашынған ананың айтуынша, күйеуі қыз таптың деп баласын қабырғаға ұрып, шапқылап жүрген бүлдіршінді мүгедек қылып қойған. Қорыққанынан ұзақ жыл істі жасырған жесір әйел енді бар шындықты айтып, күйеуі Табаевты да сотқа бермек.


Новости партнеров