Қазақтың математигі өмірден озды

 Қазақтың математигі өмірден озды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Даңты ұстаз Әбдімәжит Өтеш өмірден озды. Ол, білім саласының білікті маманы, қазақтың математигі, Алматы қаласындағы №178 лицейдің директоры, Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнаған арда азамат елімізде бірнеше математика мектептерін ашқан. Әбдімәжит Қоңырбайұлы тәрбиелеген шәкірттерінің алды білім ошақтарын басқарып отырса, кейінгі буын республикалық математикалық додаларда топ жарып жүр. Әбдімәжит Өтештің оқу процесін дұрыс ұйымдастыра білуінің арқасында ол басшылық еткен мектептер Алматы қаласы бойынша тек қана алдыңғы қатардан көрініп келді.

«Ағайдың мектепті басқарғанда 245 алтын белгі иегері бітірген екен. Бұл деген үлкен жетістік. Енді биылғы жылы да ағайдың арманы көп болатын. 60 жылдыққа 60 алтын белгі шығарамыз деген жоспарымыз бар еді. Енді қолымыздан келгенше ағайдың іске асыра алмай кеткен арманын іске асырады деген сенім білдіргім келеді. Лицей ұжымының оған шамасы жетеді деп ойлаймын», - деді Алматы қаласы №178 лицейінің мұғалімі Зәмзәгүл ҚИЯБАЕВА.

Білім саласының майталманы атанған Әбдімәжит Өтештің орны әрдайым ойсырап тұрары сөзсіз. «Ұлағатты ұстаздың елге сіңірген еңбегін, жарқын бейнесін, азаматтық тұлғасын ешқашан ұмытпаймыз»,- дейді жақындары.

«Басшылық қасиеттеріменен көзге түскен еді. Мектепте ол Лениндік степендиямен оқыды. Курсымыздағы бүкіл курстастарымыздың ең алды болды. Қай уақытта да үлкенменен үлкендей, кішіменен кішідей сөйлесіп, әңгімелесе білетін», - деді Әбдімәжит Өтештің досы Қанат ТӨЛЕУБАЕВ.

Новости партнеров