«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы тағайындалды

04.09.2017 10:08

«Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының төрағасы болып Ғалымжан Пірматов тағайындалды. Ғалымжан Олжаұлы бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарған еді. Жаңа басшының кандидатурасы компанияның жалғыз акционері саналатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының шешімімен бекітіліпті. Пірматов атом өнеркәсібінде тәжірибелі еңбек етіп, 2009 бен 2011 жылдар аралығында «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экономика және қаржы бойынша вице-президенті болған. Сондай-ақ экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған.