«ҚазМұнайГаздың» топ-менеджерлері жұмыстан кетуі мүмкін

«ҚазМұнайГаздың» топ-менеджерлері жұмыстан кетуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстары тағы да созбаққа салынса, «Қазмұнайгаздың» топ-менеджерлері жұмыстан босатылады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Аталмыш зауыт 26 қазанда жаңғыртудан өтіп, жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығаруға қажетті қондырғыларды іске қосу керек болатын. Алайда, жауапты жауапсыздар жұмыстарын уақытылы тындыра алмапты. Бұған қоса, Атырау мұнай өңдеу зауыты да жаңғыртуды белгіленген 16 қыркүйектен кешіктірген. Осы ретте Бозымбаев «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының өкілдеріне қатаң ескерту жасап, тағы қосымша уақыт берді. Енді олар 8 қарашаға дейін жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосып үлгеруі тиіс. Ал желтоқсанның бірінші жартысына дейін қос зауытты толық қуатта іске қоспаса, топ-менеджерлер жайлы орындарымен қош айтысады.

Новости партнеров