"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" аумағында заңсыз казино жұмыс істеп келген. Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты экономикалық тергеу қызметі екі елге ортақ аумақтағы заң бұзушылықты анықтады. Жедел іздестіру шарасы аясында көлеңкелі кәсіп орталығынан 50 мың юан, төрт покер столы және 5 мың ойын картасы тәркіленді. Казино аумағында Қытай Халық Республикасының 18 азаматы мен 20 қызмет көрсетуші болған. Қазір аталған іске байланысты іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары басталды.