ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы және Қапшағай гарнизондарын тексерді

09.10.2017 в 22:45

Еліміздің Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы және Қапшағай гарнизондарын тексерді. Әскери ведомство басшысы жұмыс сапары барысында әскери бөлімдердің бөлімшелеріндегі қорытынды тексерістің  ұйымдастырылу мен өткізілу барысын егжей-тегжейлі бақылаған. Әскери бөлім командирлерінің есебін тыңдап, оларға бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ Қорғаныс министрі жуырда Іле полигонында өтетін «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығуының өткізілуіне орталықтың дайындығын қарап шықты.