Қуандық Бішімбаевқа қатысты тағы да тың дерек белгілі болды

14.02.2017 16:00

Қуандық Бішімбаевқа қатысты тағы да тың дерек белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек холдингінің экс басқарма төрағасының Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырғанын мәлімдеді. Сала мамандарының  айтуынша, қолды болған қаражат "Завод строительных металлоконструкций" үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.  Қуандық Бішімбаев жеке өзі 2 миллион АҚШ долларын сыбайластарынан алған делінген. Айта кетейік, Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болған еді.