Қырғызға заңсыз жолмен мұнай газын тасыған қылмыстық топ ұсталды

01.11.2017 22:59

Қырғызға заңсыз жолмен мұнай газын тасыған қылмыстық топ ұсталды. Жамбыл облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жедел тергеу тобы биыл қыркүйектен бастап, тек Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген аса ірі көлемде мұнай газын тонап, Қырғызға жөнелтіп отырған қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық топпен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы компаниялар бірге жұмыс істеген.

Контрабандалық газ Қырғыз арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға жіберіліп отырған. Мамандардың есебі бойынша, ай сайынғы залал мөлшері - 650 миллион теңге. Сонымен қатар, осы қылмыстық топқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы анықталуда. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр.