Қытайда болған жойқын зілзаладан қаза тапқан отандастарымыз жоқ

10.08.2017 в 17:22

Қытайда болған жойқын зілзаладан қаза тапқан отандастарымыз жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қуаты 7 балдық жер сілкінісі СыЧуань провинциясында тіркелген еді. Әзірге апаттан 19 адамның мерт болып, 300-ге жуық тұрғынның жарақат алғаны белгілі. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарымен айналысып жатыр. Бейресми ақпарат бойынша, зілзаладан қаза тапқандар арасында шетелдік туристер де бар.